Қазақстанда 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың адам мерекені пойызда қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Қазақстан Темір жол" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. ҚТЖ мәліметінше, Жаңа жыл түні теміржол қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеген.
"Жаңа жылдың алдында жүк қозғалысының 1 685 машинисі, 357 жолаушылар пойызының машинисі және 698 шаруашылық және маневрлік қозғалыс машинисі түнгі кезекшілікке түсті. Теміржол вокзалдарында мереке күндері "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның 122 билет кассасы, оның 40-ы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні ашық тұрды", - деп хабарлайды "ҚТЖ"-ның баспасөз қызметі.
Жалпы, Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан бойынша 81 пойыз жолға шығып, 1 600 аса жолсерік пойыз ішіндегі халықты ең бірінші болып Жаңа жылдарымен құттықтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз