Жамбыл облысында интернет алаяқтық жасаған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айыпталушылар 2024 жылы желтоқсаннан бастап алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында WhatsApp мессенджерінде ыдыс-аяқ пен өзге де тұрмыстық тауарларды төмендетілген бағамен сататыны туралы хабарландыру жариялаған.
"Сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы клиенттерге тауарлар жеткізілген. Кейін басқа азаматтардан тапсырыс қабылдап, ақшасын алғанымен, тауарларды жеткізбеген. Қаражатты өз қалауынша пайдаланған", - деп жазылған Жамбыл облысы прокуратурасы хабарламасында.
Қылмыстық әрекет салдарынан 112 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 51 288 146 теңге көлемінде материалдық залал келген.
Сот үкімімен ер адам 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылса, әйелі 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!