50 миллион теңгенің темекісін қырыққабатқа жасырып, шекарадан өткізбек болғандар ұсталды

Ірі көлемдегі темекі өнімдерін қырыққабатқа жасырып, шекарадан өткізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қазанда "Жайсан" автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын заңсыз әкету дерегін анықтады.

"71 мыңнан аса қорап темекі өнімдерін көкөніс салынған жәшіктердің астына жасырып, құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны шамамен 50 миллион теңге болады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

Тәркіленген жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!