- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 50 миллион теңге...
50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор
Фото:
Tengrinews.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 50 миллион теңге пара алған журналисті ұстағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды", - дейді Антикор өкілдері.
Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
G. Dosymshalova