- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "50 метрдей сүйреп,...
"50 метрдей сүйреп, кейін қашып кеткен". Рудный тұрғыны полицейді қасақана қаққаны үшін жазаланды
Фото:
polisia.kz
Рудныйлық тұрғын полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеді.
Еске салайық, 22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі "Мүгедектерге арналған тұраққа" көлігін қойған.
Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Ер адам агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан