50 жылдай жуынбай, дүние жүзіндегі ең лас адам атанған ирандық тақуа 94 жасында қайтыс болды. Бұл туралы IRNA агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Аму Хаджи 23 қазанда Фарстың оңтүстік провинциясы Дейга ауылында қайтыс болған. Ер адам не сабынмен, не сумен 60 жылға жуық уақыт жуынбаған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, ер адам бала күнінде эмоциялық тұрғыда жайттар болып, салдарынан жуынудан бас тартқан екен. Бірде жергілікті тұрғындар тақуаны көлікке отырғызып, өзенге жуындыруға апара жатқан кезде тұрғындар не істейін деп жатқанын түсінген Аму Хаджи көліктен түсіп, қашып кеткен.
2014 жылы ер адам қоқыстағы заттарды жеп жүргені хабарланған және ол тазалықтан ауру болатынын айтқан. Дегенмен ауыл тұрғындары бірнеше ай бұрын оны алғаш рет жуынуға көндірген.
Аму Хаджидің өлімінен кейін, бейресми деректер бойынша, көптен бері жуынбаған үндістандық ер адам ең лас адам атануы мүмкін. Кайлаш "Калау" Сингх 22 жылдан бері жуынбаған. Ол 40 жасында әйелдерге қарсы қылмыс, шекаралық қақтығыстар мен жануарларды өлтіру дерегі тоқтамай, жуынбайтынын айтқан. 2000 жылы үндістандық әйелі мен ұлы қайтыс болғаннан кейін де жуынбайтынын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!