Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 50 жастан асқан ер адамдардың денсаулығын тексеру басталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Яғни келесі жылы 50 жастан асқан ер адамдарда инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасы басталады.
"Неғұрлым ерте анықталса, асқынулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Денсаулығымызға бүгіннен бастап қамқорлық жасауымыз керек. Тек тұрақты тексерулер мен профилактикаға назар аудару өмір сапасын сақтауға және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Скринингтен өтіңіздер, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, бұл - сіздердің әл-ауқаттарыңызға және отбасыларыңыздың болашағына қосқан үлестеріңіз.
Дәрігерлердің еңбегі мен сіздердің денсаулықтарыңызға назар аударуларыңыздың арқасында біз ортақ мақсатқа - сау және белсенді қоғамға барамыз. Денсаулық - бұл біз бірге күтетін құндылығымыз екенін есте сақтау маңызды", - деді Әлназарова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!