Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 52 адам газдан уланып қалған. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, оқиға салдарынан 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова