50 балмен грантқа қабылдайтын университет

50 балмен грантқа қабылдайтын университет

Халықаралық туризм және меймандостық университетіне талапкерлер 50 балмен грантқа үміткер бола алады. Себебі жыл сайын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен арнайы 826 грант бөлінеді.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылған болатын. 

Халықаралық туризм және меймандостық университеті Түркістанда орналасқан. Бұл еліміздегі тұңғыш бейімді университет

Сондай-ақ, университет ең үздік оқытушы құраммен толыққан. Себебі мұнда Қазақстандағы туризм саласы бойынша PhD докторлардың тең жартысы сабақ береді.

Қазіргі таңда университетте 8 білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісі жүреді:

  • 6В11101 – Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру
  • 6В11102 – Халықаралық және ішкі туризм
  • 6В11103 – Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру
  • 6В11104 – Қонақүй және мейрамхана бизнесі
  • 6В11105 – Туристік дестинациялар менеджменті
  • 6В01401 – Дене шынықтыру және спорт
  • 6В01402 – Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
  • 6В11107 – Спорттық сауықтыру фитнесі

Бүгінде университет Түркия, Франция, Польша, Словакия, Таиланд, Малайзия және т.б. жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге ие. Яғни, білім алушы жоғарыда аталған мемлекеттерде арнайы тағлымдамадан өтіп, өндірістік тәжірибе жинай алады. 

Университет ерекшелігі – дуальды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа отырған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. Мысалы, IUTH серіктестерінің бірі –RixosWaterWorldAktau. Мұнда студенттер тәжірибеден өтіп, әрі еңбекақы алады. Одан әрі студент өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыс барысында үздік нәтижелерге қол жеткізетін болса, ресми түрде жұмысқа орналасады. Мұнымен қатар оқу үлгерімі жақсы болса, шәкіртақысы да сақталады. Университет осы секілді бес жұлдызды қонақүйлер мен туристік нысандармен ынтымақтастық орнатқан. 

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің грантына үміткер болу үшін университеттің қабылдау бөліміне барып құжат тапсыру қажет. Ал алыс өңірлерде тұратын талапкерлер өтінішті университеттің ресми сайтына кіріп, онлайн қалдыра алады. 

Мекенжайы:Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі №14А.

Байланыс: +77253357978

Қабылдау комиссиясы:

WhatsApp: +7 (707) 317-43-56,

+7 (708) 225-83-27, +7 (747) 140-04-22, +7 (775) 764-14-10

Жарнама материалы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина