Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде қыздарды мереке қарсаңында сұлулық салонына апарған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист мерекеде екі қызға көңіл-күй сыйлау мақстатында шашын әсемдеуге апарған.
@ruslan_utepbai Мереке қарсаңында Назгүл мен Құндызды сұлулық салонына апарып, шаштарын әсемдеп, қалыпқа келтіріп қайттық?
♬ оригинальный звук - Ruslan_utepbai
"Мереке қарсаңында Назгүл мен Құндызды сұлулық салонына апарып, шаштарын әсемдеп, қалыпқа келтіріп қайттық. Қыздар әдемі болып кеткен бе?" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары бейнежазбаға "неге кішкентай қыздарға ұқсатып бірдей киіндіріп қоясыздар. Өздері таңдап кие алатын шығар", "50-60 жастағы апалар сияқты", "кішкене өсу керек шығар шаштары, әйтпесе апай болып қалды", "шашын басқалай жасаңыздаршы", "тым кәрі етіп көрсетті" деп жазды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!