- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "5-тен 10 мың...
"5-тен 10 мың теңгеге дейін". Шымкентте полиция қызметінің басшылары қоластындағылардан пара алған
Шымкент Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшылары жүйелі жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ.Әлімханов пен 8-рота командирі Н.Мырзалиевке қатысты үкім шығарды.
Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Сотталғандарды Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және Полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасы әшкерелеген. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныстылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.
Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан