Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыркүйекте Алматыда 5 шетелдік жоспарлаған террорлық актінің алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен 8 адам қамауға алынды. Осы кезеңде 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның алтауы - шетелдіктер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!