- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шекараны бұзғандар
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өткен шетелдіктерге үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қордай аудандық сотында мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталған 5 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта не анықталды?
2024 жылы маусымда сотталушылар, яғни Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары Қырғыз Республикасының аумағынан бақылау өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен. Сотталушылар жұмыс іздеу мақсатында Азия елдеріне көшу үшін Алматы қаласына жол тартқан, сол жақтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды ұстаған.
Барлық сотталушы кінәні толық мойындады.
Сот шешімі
Сот 5 сотталушыға Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, әрқайсына 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, 2023 жылда осыған ұқсас 68 Пәкістан азаматына қатысты 20 қылмыстық іс қаралды. 2024 жылда 67 Пәкістан азаматына қатысты 11 қылмыстық іс қаралды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова