- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 5 млн доллар...
5 млн доллар төлейді. Трамп жазушыға сексуалды зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп жазушы және журналист Элизабет Джин Кэрроллға сексуалды зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жәбірленушіге жалпы сомасы 5 миллион доллар өтемақы төлейді.
Манхэттендегі федералды қазылар алқасы Дональд Трамптың Элизабет Джин Кэрроллды 1996 жылдың көктемінде сән дүкенінің киім ауыстыратын бөлмесінде зорлағанын анықтады. Бұл туралы CNN жазды.
Кэрроллдың айтуынша, Трамп Bergdorf Goodman әмбебап дүкенінде зорлаған. Оның сөзін Трамп жоққа шығарған. "Кітабын сату үшін осы оқиғаны ойлап тапқан" деп айыптаған.
Жазушы 2022 жылдың қарашасында Нью-Йорк штатының жаңа заңын қолдана отырып, сотқа шағым түсірді. Бұл заң сексуалды зорлық-зомбылық үшін айыптаулардың ескіру мерзімін алып тастады. Яғни, жәбірленушілерге көп жыл бұрын болған оқиға бойынша сотқа жүгіну мүмкіндігі берілді.
Трамп сотқа келген жоқ. Азаматтық іс бойынша кез келген жауапкер сияқты ол сотқа келуге міндетті емес және өзін қорғау үшін айғақ бермеуге құқылы.
Енді Трамп бейбіт келісімнің бір бөлігі ретінде Кэрроллға 2 миллион доллар төлейді. Сондай-ақ журналистке жала жапқаны үшін тағы 3 миллион доллар береді.
Т. Раушанұлы