Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемді 5 миллион теңгеге дейін арттыруға болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесіп, Жеңістің 80 жылдығына дайындық мәселелерін талқылаған.
"Бізде соғыс ардагерлеріне төленетін біржолғы төлемдерді 5 миллион теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі бар, ал тыл еңбеккерлеріне төленетін төлемдерді 100 мың теңгеге дейін, яғни екі есеге көбейтеміз. Келесі жылдың бюджетін жоспарлау кезінде мәслихатқа осындай ұсыныс айтамыз", – деді Ерболат Досаев Ардагерлер кеңесімен кездесуде.
Ардагерлер кеңесінің мүшелері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлемдерді көбейту туралы әкімнің ойын қолдайтынын жеткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!