- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "5 миллиард теңге"....
"5 миллиард теңге". Петропавлда бюджет қаржысы тиімсіз игерілген
Петропавлда жол жөндеуге деп бөлінген 5 миллиард теңге тиімсіз игерілген. Кейінгі 3 жылда қала көшелеріне қиыршық тас төсеуге осынша қаржы жұмсалған, - деп хабарлайды 24.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, әкімдік қызметкерлері бұл жұмыстың бағасын шектен тыс асырып жіберген. Бір қызығы, атқарылған шаруаның сапасын қадағалау мүмкін емес. Өйткені қиыршық тас көктемде еріген қармен бірге жердің астына кіріп кетеді. Енді шенеуніктерге жолдарды асфальттауға ғана кеңес берілді. Биыл қала бойынша 17 көшеге 4 миллиард теңге бөлініп отыр.
"Қала көшелеріне тас төсеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттарынсыз жүргізілген. Тексеріс қорытындысы бойынша, әкімдікке барлық жолды асфальттау туралы ұсыныс жіберілді. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алады", - ҚР СЖҚІҚА СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек