5 мамыр - жұмада Айдың жартылай көлеңкелі тұтылуы болады. Бұл - 2023 жылғы екі ай тұтылуының біріншісі. Айдың көрінетін диаметрі орташадан 0,1 пайызға ғана үлкен болады, себебі ол перигейден 5,5 күн бұрын болады (Перигей 2023 жылғы 11 мамырда), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Ол Азия мен Австралияда толық көрінеді және көтерілгенде - Африка мен Еуропаның басым бөлігінде (негізінен Шығыс және Орталық Еуропа) көрінеді.
Астрологтардың айтуынша, мамырда Скорпион белгісінде Ай толады. Бұл оқиғаның ерекшелігі – Айдың тұтылуымен тұспа-тұс келеді. Скорпионның басқарушы планеталары - Марс пен Плутон. Екеуі де Ай толған кезде әлсірейді. Ай толған кезінде Ай Жердің көлеңкесінде болағандықтан, энергия ағыны жойқын әрекет етуі мүмкін.
Айдың толуы мен тұтылу әсері 4 мамырда басталып, үшінші ай тоқсаны аяғына дейін, яғни 12-сіне дейін жалғасады. Бұл кезеңде агрессия мен мәселелерді күшпен шешуге бейімділік айтарлықтай артады. Жарақаттардың, зорлық-зомбылықтың, техногендік, табиғи және қаржылық апаттардың барлық түрінің қаупі күрт өсетіні айтылды.
Диалог мүмкіндігі қазір төмендеген, бірақ арандатушылыққа бой алдыруға болмайды және мәселені жұдырықпен шешуге тырыспау керек. Кім өркениетті шеңберде тұра алса, сол стратегиялық жеңіске жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!