Малиде тоғыз егіз екінші туған күнін тойлап жатыр. Бұл туралы People басылымы жазды.
Екі жыл бұрын 25 жастағы Мали тұрғыны Халима Сиссе бірден тоғыз сәбиді дүниеге әкелген.
Бұл көптеген тірі және сау балалардың тууы туралы тіркелген алғашқы жағдай. УДЗ кезінде дәрігерлер жетеуін ғана тани алды, сондықтан тағы екеуінің дүниеге келуі акушер мен ата-аналар үшін күтпеген жағдай болды.
Бүлдіршіндердің ата-анасы Халима Сиссе мен Абделькадер Арби ұлдары (Мұхаммед, Бах, Умар, Эльхаджи) мен қыздарына (Хава, Адама, Умоу, Кадидия, Фатума) супер қаһармандар туралы балалардың сүйікті мультфильмі бойынша "Ғажайып" тақырыбында кеш ұйымдастырды. Мерекеге туған-туыстары мен достары қатысты.
Мали президенті Ба Ндаудың бұйрығымен Мали астанасының ауруханасында екі апта болғаннан кейін Халима Сиссе Марокко клиникасына ауыстырылып, сәбилер сәтті түрде ота жасалынып алынды.