Шымкент тұрғындары қоқыстан өлі табылған нәрестенің өлімі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тұрғындар қапқа салынған сәбиді көпқабатты үйлердің маңынан тауып алған. Куәгерлер бірден полицияға хабар берген.
Бұл үйде негізінен жетімдер үйінде өскендер тұрыпты. Сондықтан полицейлер ең әуелі тұрғындарды тексерген, бірақ баласынан қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел табылмаған. Құзырлы орган сәбидің денесін басқа жақтан әкеліп тастап кетуі мүмкін дейді.
Қазір нәрестенің неден шетінегенін анықтау үшін сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
"Қалай болғанда қоқысқа тастаған ғой сол, жас нәрестені. Жаңа туған шарана. Шетінеп қалды ғой енді бөпе. Қыз бала, 5 келі екен, - дейді Шымкент тұрғыны Несібелі Досжанова.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент полицейлері 21 желтоқсанда өлі табылған жаңа туған нәрестенің анасын іздеп жатқанын хабарлаған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!