5 қараша – Әскери барлау күні. Барлаушылардың қызметі ешуақытта жарияланбайды. Бұл қызмет ұдайы қауіппен және тәуекелмен байланысты.
Бүгінде халықаралық жағдай жоғары белсенділікпен және болжамсыздықпен ерекшеленеді. Ақпараттық, гибридтік және кибернетикалық күрес әдістері жүруде, лаңкестік актілері жасалынуда. Сондықтан, әскери барлаушылардың міндеттері айтарлықтай күрделі.
Барлаушы жауынгерлер өздерінің дағдылары мен ептіліктерін жедел, жауынгерлік даярлықтарда және оқу-жаттығу іс-шаралары барысында жетілдіріп шыңдайды. Онда барлаушылар далалық ептілік пен жоғары әскери шеберлікті көрсетеді. Соның нәтижелері Қазақстан Қарулы Күштерінде отандық мамандарды даярлау жүйесі бар екенін куәландырып қана қоймай, осыған ұқсас шетел мамандарынан кем соқпайтын көрсетеді.
Қазақстандық әскерилер халықаралық барлау топтары, мерген жұптары, патрульдер сияқты сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Барлау бөлімшелерінде алдыңғы буынның дәстүрін қастерлейді және оларды жауынгерлік тәжірибеде қолданады. Ең күрделі, өмірге қауіп төнетін жағдайда кейде іске асуы қисынсыз міндеттерді орындау кезінде олар айрықша батырлық, шыдамдылық және кәсібилік көрсетеді.
Отанға деген шексіз адалдық, жанқиярлық – мемлекеттің мүддесін қорғаудағы әскери барлаушылардың негізгі қасиеттері.