5 қаңтарда Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланады

5 қаңтарда Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президентінің жаңа сұхбаты қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"5 қаңтарда "Turkistan" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысы былтыр дәл осындай форматта "Ana tili" газетіне сұхбат берген еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget