- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 5 жыл бұрын...
5 жыл бұрын ішімдіктен бас тартқан ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бояулы ауылының сауда орталықтарында 5 жылдан бері алкогольді сатудан бас тартқан. Нәтижесінде "мас күйде" жасалған қылмыс саны жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "kursiv.media"-ға сілтеме жасап.
Ішімдік сату мен тұтынудан бас тарту идеясын ақсақалдар ұсынып, елдімекеннің барлық тұрғындары бірауыздан қолдаған. Полицейлердің айтуынша осыдан кейін Бояулы ауылында заңсыз әрекеттер сап тиылған.
"Бес жыл бұрын ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірігіп, спирттік ішімдіктерді сатудан бас тарту туралы бірыңғай шешімге келді. Нәтижелер көп күттірмеді, бұл қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ отбасылық қақтығыстардың болмауына әкелді. Осы уақыт ішінде Бояулы ауылында бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысын атап өту қажет", – дейді Балқаш аудандық полиция бастығы Айдар Умаров.
Полиция қызметкері осындай бастаманы басқа да ауыл тұрғындары қабылдаса, дейді. Бояулы ауылының тәжірибесі мұндай шаралар жастарға жақсы үлгі болып, елде дені сау және бақытты ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова