5 жыл бойы Қазақстан аумағында қашып жүрген: Ақмола облысында шетелдік ұсталды

5 жыл бойы Қазақстан аумағында қашып жүрген: Ақмола облысында шетелдік ұсталды
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысы Шортанды ауданында бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген 45 жастағы шетел азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған.

Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеу органдарынан жасырынып, 2021 жылы Қазақстан аумағына келген. Бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген адам еліміздің әртүрлі өңірінде тұрып, Шымкент және Астана қалаларындағы құрылыс нысандарында жұмыс істеген.

2025 жылғы желтоқсанда ол Шортанды ауданының Жолымбет ауылына келіп, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

"Қазір материалдар жинақталып, істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget