5 жасар қыз жоғалған алқаптан тістелген жүгері табылды

Қостанай облысында жоғалған Мәдина Ерланқызын іздеп жүрген кезде табылған тістелген жүгеріні сараптамаға жібереді, - деп хабарлайды Massaget.kz

Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу аумағын кеңейту туралы шешім қабылданған. Жүгері алқабынан табылған тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберіледі.

"Жұмыс істеген аумақты ескеріп, іздеу аймағы төрт бағытта кеңейеді: Жамбыл кенті - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы және Самир кенті. Таңертең екі тікұшақпен және бір ұшақпен әуе патрульдері жүргізіледі. Олардың бірінде тепловизор бар", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Жол бойында полицейлер су мен тамақ тастап кетіп жүр.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді.