5 ай бұрын жоғалып кеткен. Атырау облысында ер адам өлі табылды

Атырау облысы Индер ауданының 53 жастағы тұрғыны 2024 жылдың тамыз айында балық аулауға шығып, қайтып оралмаған. 7 қаңтарда ер адамның денесі өзенге батып кеткен көліктен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Атырау Пресс" сайтына сілтеме жасап. 

Өткен жылдың күзінде Елтай ауылының 1971 жылы туған тұрғыны кешкі уақытта көлікпен балық аулауға шығып, үйіне қайтып оралмаған. 

Атырау облыстық полиция басқармасының хабарлауынша, 7 қаңтарда Индер ауданы Елтай ауылының маңында жергілікті шопан өзеннен көліктің шығып тұрғанын байқаған. Бұл ақпарат тез арада тиісті органдарға жеткізіліп, қызметкерлер кранның көмегімен мұзды жарып, су астынан "Лада" көлігін алып шықты. Жоғалған ер адамның денесі көліктен табылды.

 сурет: "Дендер" газеті

"Ер адам 2024 жылдың тамыз айында із-түссіз жоғалып кеткен деп іздеу жарияланған. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір адамның өмірін жалмаған жаппай төбелес туралы жазған болатынбыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!