Қазгидромет 18, 19, 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай облысының кейбір аудандарында, 19-20 шілдеде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 20 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.
Солтүстік-батыс пен солтүстікте кей уақыттарда ауа температурасы +21…+29 градусқа дейін төмендейді.
Сонымен қатар, елдің шығысы мен орталығына Орта Азия аудандарынан ығысатын ауа массалары ықпал етеді. Осыған байланысты мұнда күндізгі ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін жетіп, қатты ыстық болады. Орталық, шығыс өңірлердің оңтүстік бөлігінде қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстік-батысында +44 градусқа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!