Абай облысының ең ұзын тұрғыны Көкпекті ауданында тұрады. Оның бойы - 202 сантиметр. Бұл ерекшелік 47 жастағы ер адамға күнделікті өмірде де, жұмыста да көмектеседі екен, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Станислав Вишняков - ауылдағы ең ұзын жігіт. Ол - өз ісінің маманы. Ауыл тұрғыны 25 жылға жуық сорғы станциясының машинисі болып жұмыс істеген. Әріптестері жұмыста осындай бойы ұзын қызметкер болуы өте ыңғайлы екенін айтады. Дегенмен бойы ұзын болудың да өз кемшіліктері бар екен. Өйткені жұмыс киімдері өлшемі жағынан үнемі сай келе бермейді. 47 өлшемді аямкиім табу да қиынға соғады екен.
Станиславтың бойы жасөспірім кезінен өсе бастаған. Мектепті бітіруге жақындағанда ол 197 сантиметрге дейін өскен. 37 жасында 2 метр 8 сантиметр болған. Бірақ жылдар өте келе оның бойы қысқара бастаған. Қазір оның бойы 2 метр 2 сантиметр болады. Бұл ерекшелік оған арғы атасынан дарыпты.
"Ұзын бойлы адам әрқашан әдемі көрінеді, қыздар жақсы көреді, әйелдер де. Қалаға, Өскеменге, Семейге барған кезде де бәрі қызығып бойым қанша екенін сұрайды", - дейді Станислав Вишняков.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!