- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "462 мың теңгенің...
"462 мың теңгенің кәлөші". Мәдина Сәдуақасова ерекше аяқкиімін көрсетті
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram-парақшасында қымбат аяқкиімін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәдина Садуақасова мен Роза Рымбаева Мәскеуге концертке барған.
"Дайындықтан кейін сауда үйін аралауға келдік. Дым жоқ. Мәскеуде шопингке шықтық. Бұл жерде көп бренд жабылып қалған. Роза Қуанышқызы Мәдиге бір свитшот алды, сонымен қайттық...", - деді ол.
Ол ерекше аяқкиім алғанын айтты.
"Мәскеуде сағат таңғы сегіз әлі. Менің хит болып жатқан кәлөшім. Жалпы, бұл - Givenchy-дің 2022 жылғы кейінгі коллекциясының хиті. "Мюли" деп аталады. Іші жып-жылы, қалың, өте ыңғайлы, киіп аласың да жүре бересің. Бұл деген супер аяқкиім. Оның бағасын айтпай-ақ қояйын ба? Қазір жазып қоямын бағасын", - деді Мәдина Садуақасова.
Ол Instagram-ға жүктеген суретке сүйенсек, аяқкиім бағасы теңгеге шаққанда 462 000 теңге.
Мәдина Садуақасова бұл аяқкиім кәлөшке ұқсайтынын айтты.
"Қазір қарап тұрмын, шынымен де кәлөш. Өзіміздің кәлөшімізді де осылай бренд қылсақ та болады екен ғой. Удай қымбатқа алмай. Сұлуынан жылуы деп киіп жүретін бәріміз", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова