- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "450 миллион теңге...
"450 миллион теңге шығын". Астанада ер адам тұрғындарды 6 айда пәтер алып беремін деп алдаған
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырған ер адам тұрғындарды 6 айда пәтер алып беремін деп алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігі астаналық департаменті "Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған ер адамның заңсыз әрекетін әшкереледі.
Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан, оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген.
Соның салдарынан тұрғындар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған.
Осылайша, бұл ер адам жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.
"Егер сіз және сіздің туыстарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384)", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек