Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі фармацевтика саласындағы қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК мәліметінше, OrdaMed АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бары туралы жалған құжаттарды пайдаланып, халыққа аса қажет 28 медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференция алған.
"Алайда дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген. Салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келді. Тінту шаралары барысында OrdaMed АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монета тәркіленді. Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларындағы үлестеріне тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Сот санкциясымен OrdaMed АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.
Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!