- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "45 минут жүрді"....
"45 минут жүрді". Талғар тұрғындары ер адамның өліміне жедел жәрдемді айыптап отыр
Фото:
Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары адам өліміне жедел жәрдемді айыптады. Олардың айтуынша, жедел жәрдем қоңырауға ұзақ уақыт бойы жауап бермеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар әлеуметтік желіде жарияланған видеоны түсіріп алды.
"Талғарлық жедел жәрдем шағын қаланың ішінде 40 минуттай жүрді, соның салдарынан адам медициналық көмекті ала алмай, қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, олар бірнеше минут ішінде жете алар еді", - делінген видеода.
Алматы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының әкімшілігі өтінішті назарға алғанын хабарлады.
"Бұл іс бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, оның қорытындысы бойынша ресми жауап беріледі", - деп хабарлады мекеме.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан