- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 45 миллион теңгемді...
45 миллион теңгемді алып қойды деген атыраулық ұрлықты өзі ұйымдастырған
Фото:
polisia.kz
Атыраулық полицейлер құрбысын 45 миллион теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 маусым күні полицияға айырбастау пунктінен шыққан, 1980 жылғы әйел адамның 45 миллион теңгесін тонады деген хабарлама түскен.
Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері шығымданушы ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Анықталған екі күдікті оның таныстары болып шығып, барлығын мойындаған.
Ұрланған ақша құрбысына сеніп тапсырған 32 жастағы кәсіпкер әйелге тиесілі болып шықты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан