"4,5 миллион теңге алған жоқпыз". Майқайыңда мерт болған құтқарушының қызы мәлімдеме жасады

"4,5 миллион теңге алған жоқпыз". Майқайыңда мерт болған құтқарушының қызы мәлімдеме жасады
Фото: видео кадры

Майқайыңдағы апатта мерт болған құтқарушы Олег Тышкевичтің қызы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Яна Осолодкова бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтқан 4,5 миллион теңгені алмағанын айтады.

"Трагедия туралы мен көршілерімнен түстен кейін ғана естідім. Кәсіпорын маған хабарламады. Жкерлеу рәсімінен кейін бізді барлығы да ұмытып кетті. Ешкім байланысқа шықпады, кімге хабарласарымды білмеймін. Бізге қалдырып кеткен телефондардың ешқайсысы жауап бермейді. Бізге 4,5 миллион теңгеден өтемақы төледі деген ақпарат тарап жатыр. Бізге "Майқайыңалтын" жерлеу рәсіміне деп 2 миллион теңге берді. Басқа ақша көрген жоқпыз.

Тегін психолог қызметін де көрген жоқпыз. Мен әқ мың теңге төлеп ақылы психотерапевтке қаралып жүрмін. Менің жүйкем жұқарып, сырқаттанып жүрмін. Өйткені, бір жарым жыл бұрын анамнан айырылдым. Менің әкем батыр. Әкем еуеміз күйзелістен бірге шыға білдік. Жоғары жақтан еш байланыс жоқ, кімге шығарымызды білмеймін. Ағам екеуміз өзімізбен өзіміз қалдық, Әкем жақсы көретін жұмысында 27 жыл еңбек етті. Ол - өжеттілігінің құрбаны болды", - дейді Яна Осолодкова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? ???? (@jakajan_)

Осыған қатысты Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мынадай түсініктеме берді.

"Қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына 4,5 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде "Майқайың-алтын" АҚ 2 млн теңге төледі, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы 500 АЕК немесе 1 млн. 846 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ, жерлеу рәсімдеріне 100 АЕК немесе 369 200 теңге мөлшерінде төлем жасалды, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жерлеуге 94 АЕК немесе 347 000 теңге мөлшерінде төлем жасалды. Бұл төлемдерді денелері табылған 2 құтқарушының отбасылары алды.

Осындай төлемдер жоғалған құтқарушыларды іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, олардың денелері табылған жағдайда немесе қайтыс болды деп танылса, қалған отбасыларға да тағайындалады. Сонымен қатар, отбасыларға асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады (18 жасқа толғанға дейін отбасындағы әрбір кәмелетке толмаған адамға ай сайынғы төлем). Отбасыларға берілетін көмек тек осы төлемдермен ғана шектеліп қалмайды. Жергілікті атқарушы орган Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабынан қосымша сақтандыру төлемдері және "Майқайың-алтын" АҚ-нан ірі материалдық көмек көрсету туралы мәселені пысықтауда. Бұл төлемдер төленген сомадан бірнеше есеге көп. Төлемдердің нақты сомалары іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін хабарланатын болады", - дейді әкімдіктегілер.

Е.Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz