Қазгидромет 11, 12, 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, елдің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, жел күшейеді.
Шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Жауын-шашынға қарамастан, күн ыстық болады. Күндіз республиканың басым бөлігінде ауа температурасы +33…+40 градус болса, оңтүстік мен оңтүстік-батыста +38…+45 градусқа дейін көтеріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!