Қазгидромет 9, 10, 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір жерлерде тіпті бұршақ, қатты жаңбыр жауып, жел соғады.
9 шілдеде шығыста да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр болжанып отыр, кейін жауын-шашын тоқтайды. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.
Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ауа температурасы +33…+42 градусқа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында +32…+40 градусқа дейін, оңтүстігінде +38…+45 градусқа дейін, ал шығысында +30…+38 градусқа дейін көтеріледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз