- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- +45 градус. Бүгін...
+45 градус. Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 36-38 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 25-27 градус жылы, күндіз 40-42 градус жылы болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус аптап сақталады. 26 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 26 шілдеде күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні секундына 15 метр күтіледі. Күндіз 35-37 градус аптап сақталады. 26 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус аптап күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырауда 28 шілдеде күндіз 40 градус аптап күтіледі. 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус аптап сақталады. 26 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 26 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. 26 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20, екпіні секундына 23 метр күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градус аптап сақталады. 26-28 шілдеде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 26 шілдеде жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр шаңды дауылмен күтіледі. Күндіз 40-42 градус аптап сақталады. 26-28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус аптап күтіледі. 26 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде 26 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус аптап күтіледі. 26 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 26 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, күндіз оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус аптап сақталады. 26 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус аптап сақталады. 26 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 26 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. 26 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 26 шілдеде Ақмола облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда26 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 26 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 26 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек