Қызылорда облысында "Qnet" қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, күдіктілер Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылғы қаңтар айы аралығында 44 миллион теңгеге жуық көлемде ақша жинаған.
"Тергеу барысында жәбірленушілер компанияға 840 мыңнан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.
Еске салайық, бұған дейін де Қызылорда облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!