- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 44 жылдан кейін:...
44 жылдан кейін: Үшкемпіров пен Сметовтің суреті желі қолданушыларын тәнті етті
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Жанкүйерлер чемпионды марапаттау рәсіміндегі фотосурет пен 1980 жылғы Ойындардың трансляциясынан алынған кадрларды салыстырды.
Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Отандасымыз финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден айласын асырды.
Бірінші суретте Қазақстанның аты аңызға айналған классикалық балуаны Жақсылық Үшкемпіров, екіншісінде 44 жылдан кейін ұлттық құраманың жаңа жұлдызы Елдос Сметов бейнеленген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
1980 жылы Мәскеуде (Ресей) өткен жазғы Олимпиада ойындарында Үшкемпіров 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алтын медальға барар жолда Олимпиада чемпионы Константин Александру (Румыния), Роман Кирпач (Польша), Ференц Шерес (Венгрия) және Павел Христовты (Болгария) жеңді.
2020 жылы балуанның жүрегіне ауыр ота жасалды. Аты аңызға айналған балуан 2020 жылы 2 тамызда 69 жасында қайтыс болды, оның өліміне пневмония себеп болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек