- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 44 жастағы астаналық...
44 жастағы астаналық әйелдің сөмкесі мен бір қорап тауық етін ұрлап кеткен
Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ жедел уәкілдері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы астаналық азаматты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу барысында белгілі болғаны ер адам кешкі уақытта Бейбітшілік көшесіндегі дүкенге келген. Қаскүнем дүкенде орналасқан сыра сататын бардың иесі шығып кеткенін байқап, құлпын бұзып ішке кірген. Бардан ол әйелдер сөмкесін алып шығып, оқиға орнынан ізін суытқан. Осылайша 40 мың теңге материалдық шығын келтірген. Сондай-ақ ер адам қаланың оң жақ жағалауындағы базардан бір қорап тауық етін жымқырғаны белгілі болды. Қаскүнем қоймаға тауар келіп жатқан сәтте, іс-әрекетін ешкім байқамай тұрғанына көз жеткізіп, қорапты алып кеткен.
Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды өз мүлкін мұқият бақылауды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, үй-жайларды сенімді құлыптармен және күзет дабылымен жабдықтауды ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина