- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 44 жастағы алматылықтың...
44 жастағы алматылықтың жер учаскесінен 3 тоннаға жуық каннабис табылды
Алматылық азаматтың ауыл маңындағы өзіне тиесілі жер учаскесінен 3 тоннаға жуық каннабис өсімдігі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, Түрген ауылының маңында орналасқан өзіне тиесілі жер учаскесінде тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатын ер адамға қатысты ақпарат алды.
"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының М. есімді 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жоғарыда аталған жер учаскесін тінту кезінде жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 742 түп каннабис өсімдігі табылып, тәркіленді", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалық тексерулер тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина