Қазгидромет 11, 12, 13 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің кейбір жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ та жаууы мүмкін. Екпінді жел соғады.
11 тамызда солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста түнде және таңертең тұман түседі.
Батыста, орталықта күндіз ауа температурасы +27...+39 градус, солтүстік-батыс пен солтүстікте +25...+35 градус, шығыс пен оңтүстік-шығыста +30...+42 градус, оңтүстікте +37...+44 градус болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!