2023 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың ақшалай табысы жан басына шаққандағы орташа есеппен 298,2 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 21,5 пайызға өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздегі 9 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары табыс тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Астанада тіркелген. Жан басына шаққандағы орташа есеппен 430,3 мың теңге – өткен жылдан 27 пайызға артық. Ал екінші орында Алматы қаласы тұр. Халықтың кірісі бір жылда 34,1 пайызға өсіп, бір адамға - 392,1 мың теңгені құрады.
Үздік үштікті Қарағанды облысы аяқтайды. Бір адамға 379,7 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға өсті.
Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан (361,4 мың теңге) және Ұлытау (353,3 мың теңге) облыстары енді.
Халықтың ең төменгі табысы Түркістан облысында тіркелді - 212,5 мың теңге. Одан кейінгі орында Жамбыл облысы (213,7 мың теңге), Шымкент (221,8 мың теңге), Қызылорда (226,3 мың теңге) және Жетісу (227,9 мың теңге) облыстары тұр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз