43 млн теңгені алдап алып кеткен қазақстандық Сербияда ұсталды

Үлкен көлемдегі алаяқтық әрекеті үшін іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктіге Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылы қыркүйекте үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Ол Сербияда ұсталды.

"Бүгін Бас прокуратура 45 жастағы ер адамды Қазақстанға экстрадициялады", - деп жазылған хабарламада.

2017 жылы ол танымал сайтта қолжетімді бағамен арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, қазақстандықты алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден аса ақша аударған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!