9 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Бірқатар облыста ауа температурасы +40 градустан асады, ал кей жерлерде "Қазгидромет" синоптиктері күн күркіреп, қатты жел соғатынын, тұман түсіп, шаңды дауыл тұратынын болжайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысы. Жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде ауа температурасы +12…+17 градус, облыстың солтүстігінде +20 градусқа дейін, күндіз +30…+35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Алматы облысы. Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 метр, кей жерлерде екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +33…+38 градус, таулы аудандарда +18…+23 градус болады.
Жетісу облысы. Жауын-шашын күтілмейді. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +32…+37 градусқа дейін, таулы аудандарда +29 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістан облысы. Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Қалған аумақтарда +36…+41 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.
Батыс Қазақстан облысы. Күндіз облыстың батысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы +33…+38 градус, облыстың оңтүстігінде +41 градусқа дейін болады.
Атырау облысы. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +36…+41 градусқа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысы. Жауын-шашынсыз. Күндіз +39…+44 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі, облыстың батысында +34 градус шамасында болады.
Ақтөбе облысы. Жауын-шашын болжанбайды. Күндіз ауа температурасы +33…+38 градус, облыстың батысы мен оңтүстігінде +41 градусқа дейін жетеді.
Қостанай облысы. Жауын-шашынсыз. Күндіз ауа +32…+37 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде +40 градусқа дейін ысиды.
Солтүстік Қазақстан облысы. Күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркіреуі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Ауа температурасы +28…+33 градус, облыстың батысы мен оңтүстігінде +36 градусқа дейін болады.
Павлодар облысы. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +29…+34 градус болады.
Қарағанды облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз ауа +28…+33 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде +36 градусқа дейін жылынады.
Ұлытау облысы. Жауын-шашын болжанбайды. Күндіз ауа температурасы +34…+39 градусқа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде кей жерлерде тұман болуы мүмкін. Күндіз температура +27…+32 градус болады.
Абай облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел секундына 23 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +27…+32 градус, облыстың оңтүстігінде +36 градусқа дейін жетеді.
Қызылорда облысы. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз орталық және шығыс аудандарда шаңды дауыл болады деп болжануда. Ауа температурасы +38…+43 градусқа дейін көтеріледі.
Жамбыл облысы. Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +33…+38 градус, таулы аудандарда +29 градусқа дейін болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!