Өскемен қаласының тұрғыны жоғалған банк картасын пайдаланып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғыны иесі түсіріп алған бөтен банк картасымен сауда жасағаны үшін жазаға тартылуы мүмкін.
36 жастағы Өскемен тұрғыны өзінің жоғалған банктік картасынан белгісіз адамдар сатып алулар жасап жатқанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Бұл туралы ол телефонға ақшаны есептен шығару туралы хабарламалар түсе бастағанда білген. Шығын - 428 368 теңге.
Ер адамның арызын қабылдаған полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!