Астана прокуратурасы "Оазис", R-Club және R-ClubDeluxe тұрғын үй кешендері бойынша қылмыстық істерді сотқа жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталған. Мәліметке сүйенсек, 426-дан аса отбасыға 8,2 млрд теңге көлемінде залал келген.
Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасын бұзып, "Оазис", R-Club және R-ClubDeluxe тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталған.
"Бұл қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмаған, ал нысандардың құрылысы жүзеге аспаған. Сот санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, соның ішінде 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 көлікке тыйым салынды. 12 күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз