Елордада сот үкімімен ақша бопсалаған және алаяқтықпен айналысқан бір топ адам кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016 жылы елорда аумағында кінәлілер аукцион қорытындыларына ықпал етуге және бизнес-кешен ғимаратын беруге уәде етіп, жәбірленушіден шамамен 300 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражатты алдау арқылы иеленген.
Кейін қылмыскерлер жәбірленушінің қаржылық жағдайы туралы біліп, ұзақ уақыт бойы қоқан-лоқы мен физикалық зорлық-зомбылық қолдану арқылы жәбірленуші мен оның танысынан ойдан шығарылған 120 мың АҚШ доллары көлемінде жалған қарызды бопсалаған.
2021 жылға дейін бұл құқықбұзушылықтар ашылған жоқ.
Астана прокуратурасының нұсқауларынан кейін қылмыстық іс қайта жанданып, аса ауыр қылмыстар жасалғанын куәландыратын жеткілікті және жол берілетін дәлелдемелер жинақталды.
Тергеу нәтижелері бойынша прокуратура айыптау актісін жасады. Сотта мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі туралы күмәнсіз дәлелдер келтірілді.
Сот үкімімен кінәлілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!