4,2 миллион теңге сұраған: министрлік жоғары жалақы алғысы келетін мамандарды атады

4,2 миллион теңге сұраған: министрлік жоғары жалақы алғысы келетін мамандарды атады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Наурызда Enbek.kz электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер 102,6 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 107,1 мың түйіндеме жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сұраныста қай салалар?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, сұраныста мына салалар:

  • Білім беру саласы (22,6 мың бос жұмыс орны);
  • Өзге де қызмет көрсету бағыттары (21,2 мың бос жұмыс орны);
  • Сонымен қатар, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында (8,7 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығында (7,9 мың бос жұмыс орны) сұраныс жоғары деңгейде.

Өңірлер бойынша

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындарының көбі Түркістан (7,7 мың), Қарағанды (7,6 мың), Павлодар (7,2 мың) және Атырау облыстарында (6,5 мың), сондай-ақ, Астана қаласында (7,2 мың) тіркелген.

Ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар

Наурызда ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында:

  • заң жұмысы жөніндегі бөлім басшысының орынбасары (1,4 миллион теңге),
  • бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы (1,38 миллион теңге),
  • өндіруші өнеркәсіптегі өндіріс басшысы (1,14 миллион теңге) секілді мамандықтар бар.

Ал жұмыс іздеушілер арасында HR бизнес-серіктесі (4,2 миллион теңге), каротажшы (3 миллион теңге) және өнеркәсіп саласындағы зертхана басшысы (2,5 миллион теңге) лауазымдарынан жоғары жалақы күтетіні байқалған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget