- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- енесін өлтірген келін
42 жастағы әйел енесін пышақтап өлтіргені үшін сотталды
Жаңасібірде келін енесінің мойнына пышақ сұғып өлтіріп, 5-сыныпта оқитын ұлын жарақаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Telegram-арнасының хабарлауынша, Жаңасібірде 11 қараша күні 42 жастағы әйел 85 жастағы әжесімен бірге тұратын баласын көруге барған. Баласына қараушы болып жүрген енесімен сөзге келіп қалған ол зейнеткердің мойнына пышақ сұғып алған. Ауыр соққыдан енесі сол жерде жан тапсырады. Жантүршігерлік оқиға 5-сынып оқитын ұлының көзінше болды. Анасын тыныштандыруға тырысқан жасөспірім де жарақат алғаны айтылды.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі балаға шұғыл көмек көрсетті. Жасөспірім жақ сүйегі тұсынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.
Баланың анасы қамауға алынды. Полиция "адам өлтіруге оқталу" және "адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Мәскеуде 15 жастағы оқушы компьютер ойнатпағаны үшін анасын балталап өлтіргенін жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин