Қазақстанның солтүстігі мен батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кейбір өңірлерде бұршақ та жаууы мүмкін. Ал батыс және оңтүстік облыстарда ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында күн салыстырмалы түрде салқындау болады. Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанып отыр.
Алматыда және Алматы облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек таулы жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Облыста күндіз ауа температурасы +31...+36 градусқа дейін жетеді.
Жетісу облысында да аптап ыстық болады. Талдықорғанда күндіз +33...+35 градусқа дейін көтеріледі. Алакөл маңында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысып, кейбір жерлерде ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін жетеді.
Астанада жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +26...+28 градусты көрсетеді. Алматыда +32...+34 градус, ал Шымкентте +35...+37 градус ыстық болады.
Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, ұзақ уақыт күн астында жүрмеуге кеңес берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!